Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Билік заңға сәйкес ақпарат беруге міндетті ​Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің міндеті - мемлекет мүддесін қорғау, Қазақстанның беделін түсіретін әрекеттерге жол бермеу, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, адам құқығы мен бостандығын бұзатын әрекеттердің жолын кесу және сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы тұру. ​

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қызметте кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру қажет. Қызметкерлердің барлық құрамын, қоғамды осы кеселге қарсы күреске тарту керек. Бүл бағыттағы жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп, талаптар сақталғанда ғана сыбайлас жемқорлық індетінің алдын алуға болады деп санаймын. ​

Біз қоғамда сыбайлас жемқорлық көрінісіне ықпал ететін себептер мен жағдайды анықтап, осы саладағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, жемқорлыққа жол ашатын тетіктерді әзірлеу мен енгізуге күш салуымыз керек. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сыбайластыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыратын жағдайға жетуге болады. ​

Бұл қылмысқа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген деректерін анықтаумен ғана шектелмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің және тәртіптің қалыптасуына, қоғамдық бақылаудың күшеюіне, сондай-ақ жемқорлықты туғызатын себептер мен жағдайды жоюға негізгі назарды салу қажет.

Азаматтар және ұйымдар заң тұрғысында тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға құқылы, ал билік заңға сәйкес сол мәліметті беруге міндетті. Сонда ғана мемлекеттік биліктің қызметі қоғамға түсінікті және қолайлы болады. Жұмабек Қаражанов, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521