Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар мен қоңыраулар саны артқан

Әлеуметтік желілерде азаматтарға кеңес беру үшін онлайн-қабылдау үздіксіз жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды жаңғыртуға және Қазақстан халқының әл-ауқаты үшін сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.

​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әрқашан азаматтардың, бизнес субъектілері мен инвесторлардың заңды мүдделерін қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында диалог пен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын. ​

Ағымдағы жағдайға қарамастан, Департаментпен Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі, ақпараттық агенттіктердегі, баспа басылымдарындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар жалғастырылуда.

​Әлеуметтік желілер алаңдарында азаматтарға кеңес беру үшін онлайн-қабылдау үздіксіз жүзеге асырылады. Құқықтары бұзылған кез келген адамға білікті көмек көрсетіледі. ​Қазіргі уақытта барлық өтініштер тек қылмыстық-құқықтық өріс жағынан ғана емес, сонымен қатар превенцияның барлық құралдарын пайдалану арқылы да қаралуда.

​Сондықтан сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда, тікелей 1424 Call-орталығына хабарласу қажет. ​Департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыратынын атап өту қажет. ​

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша (Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг) сыйақы сомасы сараланған болатын. ​Пара сомасының 10%-ын айыптау үкімінен кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған азаматтар ала алады. Ең жоғарғы сыйақы 4000 АЕК (10 млн 604 мың теңге).

​Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларында азаматтарды көтермелеудің мынадай жүйесі көзделген:

– параның немесе келтірілген зиянның сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша - сыйақы сомасы (қылмыстың санатына қарай-онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар) 30-дан 100 АЕК-ке дейін (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды.;

– егер параның немесе келтірілген зиянның сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен (2 651 000 теңге) асса-сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) артық емес.). ​

Мәселен, 2020 жылдың 1 тоқсанында Агенттіктің аумақтық департаменттері 7 227 040 теңге сомасына 44 адамды марапаттады, оның ішінде: - ауыр қылмыстар бойынша – 39 адам; - орташа ауырлықтағы-5 адам; - ауыр емес-1 адам.

​Жүргізілген талдау нәтижесі азаматтар келесі фактілер туралы хабарлағанын көрсетті: ​- парақорлық ( ҚК 366, 367 және 368-баптары) - 29 хабарлама немесе 65, 9 %; ​- ұрлық (ҚК 190 және 189-баптары) - 14 немесе 31 %; - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану (ҚК 361-бабы) - 1 немесе 2,26%.

​Атырау облысы бойынша департаментімен 700 мың теңгеден астам сомаға 5 азамат марапатталды. Құқық қорғау органының 1 қызметкеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын ашуға көмектескені үшін алғыс жарияланды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 6 азамат 500 мың теңгеге ынталандырылды, 3 құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысхат жолданды. ​

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін немесе өзге де түрде көрсетілген жәрдем үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.

Бұл бағытта әлеуметтік желілер және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығы" үлкен рөл атқарады. ​Жыл сайын сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалар бойынша қоңыраулар саны артты. Бұл азаматтардың елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенімінің артқанын көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521