Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» акциясы

Адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» акциясы

 «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» кең ауқымды акциясын жариялады. Бұл іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік институттардың басшыларын адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануға шақыру. Осы акция арқылы басшылар өз қызметкерлерін қателіктерден сақтандыруы және заңдарды бұзбауы үшін назар аударуы қажет. Өйткені, әр басшы өзінің жеке жауапкершілігін түсінуі тиіс.

Акция аясында облыс, қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары халық алдында өз қызметінің ашықтығын көрсетіп, жалақы туралы ақпарат жариялауы тиіс және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беріп, өз ұсыныстарын енгізу қажет.

Осы аптада акция аясында Индер ауданы және Жылыой ауданы әкімдері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өздерінің айлықтарының қанша екендігі жөнінде жариялады.

Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалұлы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жарияланған акцияны толықттай қолдайтындығын және аудан әкімдігінің халық алдында әрдайым ашық болатындығына жұмыстанатынын жеткізді.

Акция нәтижелері бойынша «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан барлық қалалар мен аудан әкімдеріне баға беріледі: бұл басшылықтың ашықтығын және олар халықтың жан-айқайын қаншалықты ескеретінін қарастыру керек. Сонымен қатар, акция аясында осы аптада «Адалдық алаңы» жобасы тағы бір қызметтің жандануына атсалысты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын барлық аймақта «Өз-өзіне қазмет көрсету» бұрыштары іске қосылып, тұрғандардың кедергісіз электрондық қызметті алуына жағдай жасалынған болатын. Талап бойынша аталмыш қызмет көрсету орыны бірінші қатарда орналасуы және тұрғындардың пайдалануына компьютер+принтер қойылуы тиіс. Тұрғындар ХҚКО жүгінбей-ақ, өзінің тұрғылықты жеріндегі әкімдікке барып, қажетті құжатын электронды түрде ала алады. Алайда, бүгінде бұл қызмет сапалы әрі толыққанды жүзеге асырылмай келген, ал шалғай жатқан ауылдарда мүлдем тоқтап қалған.

«Атырау - Адалдық алаңы» жобасымен Жылыой ауданында жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары ауданда тек 12 жерде ғана бар екендігі, ал өзге ауыл немесе мөлтек аудандарда толықтай іске қосылмағандығы анықталды.

Осыған орай, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Жылыой ауданындағы өкілдері тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында өз-өзін қамту бұрыштарын жайлы аудан әкімдігіне ұсыныс тастаған еді. Аталмыш ұсынысқа орай, қазіргі таңда қала, округ, ауыл шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету ғимаратында және ауданымыздың 11 мектебінде ашылып, бүгінде жұмыс жасап жатыр. Соның нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұрмай, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышынан керек мәліметтерді алып жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521