Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштен ірітеді.

Бұл - адалдыққа, сенімге жасалған соққы. Осы орайда ауданда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыру мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қымбатты мемлекеттік қызметкерлер!

- Біз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік жағдайын туғызуға, құқықтық сауаттылықты арттырып, халыққа адал қызмет етуге міндеттіміз.

- Біздің басты мақсатымыз - адал еңбек пен заңды құрметтеу, заң аясында қызмет атқару, әділ іс-қимылдар мен әрекеттер жасау.

- Әрқайсымыз күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға міндеттіміз.

- Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз.

- Сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау үшін профилактикалық жұмысты жүйелі түрде, соның ішінде анонимді сауал және сауалнама жүргізу, Сенім телефондарын қолдану, әскери қызметшілердің басшылыққа тікелей өтініш білдіру мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ жеке қабылдау арқылы жүргізіп тұруы қажет.

- Құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасау анықталған кезде оларды жасырмай жоғары тұрған басшылыққа баяндап, құқық қорғау органдарына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне хабарлауға тиісті. Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болғаны жөн деп санаймын. Біз, мемлекеттік қызметкерлер жемқорлыққа қарсымыз!

Н.Оңайәлиев,

аудандық аумақтық инспекцияның басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521