Биыл суретші Әбілхан Қастеевтың туғанына 120 жыл толды. Осыған орай №1 қалалық кітапханада «Тылсым өнердің танымгері» атты сурет салу сайысы өтті. Ондағы мақсат – жас өрендерді қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеевті тереңірек білу, суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Сол арқылы бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету еді.
Алдымен, Ә.Қастеевтің өмірі мен қызметі туралы баяндалды. Сайыс «Таныстыру», «Сан сұраққа саяхат», «Суреттің айырмашылығын тап», «Шебер фломастер», «Мәтін бойынша сурет салу» атты кезеңдер бойынша өтті. Оған №13 және №15 мектеп оқушылары А.Бижанова, А.Нәсіпбай, А.Қарашбай, А.Ғалымжан мен А.Серікбайқызы қатысты. Сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Мирас болған мол мұра» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеге қойылған туындыларда Ә.Қастеевтің өмірі мен қызметі, шығармашылығы, ол туралы естеліктер, жалпы бейнелеу өнері туралы жазылған.
П.ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ