Сурет сала білу де - өнер

«Өркен» ясли-бақшасында ІІ кіші «Карусель» тобының тәрбиешісі Юлиана Новикова «Нетрадиционные техники рисования и их роль в развитии детей дошкольного возраста» тақырыбында тәрбиешілермен шеберлік сағатын өткізді.

Педагогтарды сурет салу сабағынан дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен таныстырып, тәсілдерді қолдана отырып, балалардың шығармашылық қабілеті мен қызығушылықтарын арттыруға болатынын айтты. Педагогтарды топқа бөліп отырғызды. Интерактивті тақтаны пайдаланып, слайдтар көрсету арқылы сурет салудың дәстүрден тыс түрлері жөнінде мағлұмат берді.

Практикалық бөлімде педагогтар тіс щеткасын пайдалану арқылы, одан соң ақ қағазды екі бүктеу арқылы бір-біріне беттестіріп сурет салды. Гуашь, су бояу, қылқаламдар пайдаланды. Балабақша меңгерушісі А.Қариева сөз сөйлеп, шараны қорытындылады.

Ж.Ықсанғалиева,

әдіскер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521