Су тасқынына дайындық пысықталды

«КӨКТЕМ-2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін (бұдан әрі - АҚМЖ) ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңіне басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштер мен құралдарын ден қоюға даярлау мақсатында және Атырау облысының әкімі, Облыстық азаматтық қорғаныс бастығының облыста «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауы бойынша Жылыой ауданында 25-26 ақпан аралығында «Көктем-2020» оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

koktem20

Оқу-жаттығу 25 ақпан күні 8 сағат 15 минутта келіп түскен «Бастау-1001» сигналымен басталды. Аудандық басқару органдары басшыларымен жедел топтың жиналысы өткізіліп, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі жағдайын тексеру және оқу-жаттығуды өткізу бойынша міндеттер қойылды.

koktem201

Одан әрі 12 сағат 30 минутта «Тұлпар-2002» ескерту сигналы түсіп, басқару органдарына жеткізілді. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай тәжірибелік тапсырманы орындау үшін аудандық жедел мән беру жасағының құрамы жинақталып, дайындық жағдайына келтіріліп ондағы күштер мен құралдардың дайындығы бойынша «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның алаңына саптық байқау өткізілді.

koktem202

Жедел мән беру жасағының жеке құрамы 96 адам, 32 бірлік техниканы құрайды. Өткізілген іс-шара барысында оқу-жаттығудың шарттарына сәйкес әр қызметке тапсырмалар беріліп, берілген тапсырмалар тәжірибе жүзінде толықтай орындалды.

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521