Су орталық көпір ернеуіне тірелді

Кешкісін әлеуметтік желі арқылы Бақашы шлюзінің ашылғандығы туралы хабар тараған еді. Бірақ аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, бұл ақпарат жалған болып шықты. Десек те Құлсары қаласы ішіндегі Құрсай өзегінің арнасы суға толып, ағыс толастамауда. Тасқынның қарқыны қатты болғаны соншалық өзек суы Ұ. Әбдірахманов көшесінде орналасқан орталық көпір ернеуіне тірелді.
Белгілі болғандай көпір астындағы қалың қамыс пен қоқыс қалдықтары су ағысына кедергі келтірген. Қазір көпір асты аршылды. Дәл осындай тазалау жұмыстары қаланың Махамбет даңғылының бойындағы өзге көпірлерге жүргізіліп, Құрсайдағы су Қамыскөлге кедергісіз өтуде.
Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521