Су келу кезеңінде абай болайық

Жылыой ауданы көлемінде орналасқан «Қамыскөл» көлінің мұздың беті еріп, Жем өзені арқылы көктемгі су таситын мезгіл келді.

Бұл уақыт өте қауіпті, кез келген уақытта суға батып кету қауіпі туындайды. 2020 жылдың су тасу кезеңінде ауданымыз бойынша үш адамның, ал 2021 жылы бір адамның суға кетіп қаза болу оқиғалары орын алған. Өздеріңізге белгілі, адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті тілсіз жау – от пен су. Суға кету оқиғалары тиым салынған яғни, суға түсуге арнайы жабдықталмаған жерлерде орын алған. Көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде, өзеннің арғы бетіне өтуге, жағадағы су шаю қауіпі бар тік жарларға жақын тұруға, кішкене көпірлерде, бөгеттерде және тоғандарда жиналуға, су қоймасының тереңдігін өлшеуге тиым салынады.

Егер де Сіз біреудің апатқа ұшырағанын көрсеңіз дереу 101,112, телефон нөмірлері арқылы құтқару қызметін шақыртып, өз өміріңізге қауіп төндірмей мүмкіндік болса зардап шегушіге көмек көрсетіңіз. Көмек көрсете отырып, келесі ережелерді сақтаңыз: Адамды құтқарған уақытта жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақ, немесе басқа да су бетінде қалқып тұратын заттарды пайдалану керек. Содан кейін зардап шеккен адамды судан тартып жағаға шығаруға жұмыстану қажет.

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауданымыздың тұрғындарын көктемгі су тасу кезеңінде аса сақ болуға шақырады. Сонымен қатар құрметті ата-аналар және мұғалімдер балаларды су тасу кезеңінде қараусыз қалдырмай, балаларға су қауіпсіздігіңің қарапайым ережелерін үйреткендеріңіз абзал.


Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT