Суға кеткен тал қармайды немесе көл бетіндегі бір оқиға

О, қайран балалық шақ! Балдәуренде бәріміздің басымыздан небір қызықты оқиғалар өтті емес пе?! Менің ойымша, көпшілігі білмей, ойланбай жасалатын секілді. Өмір өткелдерін ой елегінен өткізгенде бала кезімдегі мына бір оқиға есіме түсе береді.

Күн аптап ыстық, түскі сәт. Осындай мезгілде біздің баратын жеріміз - «сад» пен Қамыскөлдің жағалауы. «Сад» деп отырғаным - 8-ауылдағы саябақ. Күн тұнық болса, көл айдынында мүлгіген тыныштық орнайды. Сәл самал жел соқса, толқындар тербетіліп жағаға ұрып, арғы беттегі қалың, жасыл қамыстар жайқалып тұрушы еді. Жағалауда ақ шағалалардың майшабақтарға шүйліккені, алыс айдында қаз-үйректің, аққулардың жұп-жұбымен жүзіп жүргені көл бетіне өте керемет сән-салтанат сыйлаушы еді. «Садта» әртүрлі ағаштар жайқалып, бой түзеп өсіп тұратұғын. Арасында жеміс ағаштары да кездеседі. Көбі жабайы қара жидек еді. Ой, шіркін-ай, піскенде өте дәмді болатын.Тіпті тікенегіне қарамай басына өрмелеп шығып кететінбіз. Ең тәтті жидек сол талдың басында. Өзің тойып жеп, қара майкаңды толтырып, көзің қызарып, табаның жарылып, ұшар басында қарақұс құсап қонақтап, жан-жақты бақылап отырасың. Төменде әрлі-бері өткен достарың көкке телміре қарап, мүләйімсіп сұрайды. Көңілін қимай, бұтағын сындырып лақтырасың. Қысқасы, «садтағы» талдың басынан кімнің келіп-кетіп жатқаны, көлге түсіп жүрген, жағалауда асыр салған балалардың бәрі алақанға салғандай көз алдыңда көрініп тұрады...

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521