Суға кеткен оқушының денесі 11 сағаттан кейін табылды

Iздестіру жұмыстары түнгі сағат 03.30-ға дейін жалғасты

Кеше кешкі сағат 19.00-дер шамасында Құлсары қаласындағы Құрсай өзегіне 9 жастағы мектеп оқушысының суға батып кеткені жөнінде хабарлаған едік. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Нариман Өтешовтің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 06.38 минут шамасында баланың денесі табылып, жағаға шығарылған.

- Іздестіру жұмыстары түнгі сағат 03.30-ға дейін жалғасты. Бөлім қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды. Құрсай өзегі бірнеше қайықпен көпқабатты V, III ықшамаудандар тұсына дейін сүзілді. Тек таң атып, жарық түсе бастаған соң төтенше жағдайлар бөлімінің жедел құтқару жасағы оқиға орнына келді. Өйткені түнгі уақытта сүңгуірмен су астында іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес.

Алдын ала болжам бойынша баланың денесі суға батып кеткен жерінен 15 метрдей қашықтықтан өзек арқылы өтетін темір тұрбаға тіреліп қалуы ықтимал деген жорамал жасалды. Себебі көктемгі тасқын кезіндегі су ағысының арыны әлі қайта қоймаған-ды. Күткендей, сағат 06.35 минутта өзекке түскен сүңгуірлер дәл сол жерден үш минуттан соң оқушының денесін су бетіне алып шықты, - дейді бөлім басшысы Н.Атыраубайұлы.

Бала мүрдесі табылғаннан кейін Атырау қаласынан көмекке келе жатқан Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы кері қайтарылды.

Е. Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521