Мұғалімдер мерекесінде ұлағатты ұстаздар да назардан тыс қалмады. Оған №1 мектепте орналасқан №93 дауыс беру учаскесі сөзімізге айғақ. Ондағы білім ордасында көп жылдар бойы басшылық қызмет атқарып, география пәнінен шәкірт тәрбиелеген Сәнекеш Мағзымоваға гүл шоқтары табыс етілді. Сәнекеш апай:
-Зейнетке шықсақ та, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рақмет. Осынау маңызды сәтте азаматтық міндетімді орындау үшін келіп, өз таңдауымды жасадым. Барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын,-деді ол өз сөзінде.
Е.Алтайұлы