Спорт кешені жөндеуден өтеді

Құлсары қаласындағы жалғыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бүгінгі жайы кім-кімді де толғандыратын. Ескі ғимараттың іші жазда ыстық, қыста суық. Терезелерінен жел гулеп тұратын. Жақында спорт мектебіне жөндеу жұмысы жүргізілетіні белгілі болды.

-Қаладағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. Қаражат бөлініп, жеңімпаз мекеме анықталған. Ғимараттың жылу жүйесі жаңартылып, қабырғалары мен төбесі қосымша жылу ұстағыш материалдармен қапталады.

Жалпы аудан бойынша 2 мыңнан астам оқушы ауданымыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 10 түрі бойынша жаттығуда. Сонымен қатар мектептердегі 146 секцияға 3 мыңға жуық оқушы қатысады. Балалар-жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубында 1 мыңға жуық жасөспірім бар. Қосшағыл, Тұрғызба ауылында спорт кешендері салынуда. Майкөмген, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон кенті, Ақкиізтоғай ауылында спорт кешендері жұмыс жасап тұр,-дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Абзал Бекенов,-сонымен қатар ауданымыздағы 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан спорттық шараларға қатысады.

Қ.Нұртайұлы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика