Әскери міндеттілік және әскери қызмет

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке және әскери оқу орындарына қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан А.Аманғалиевтің, Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әкери қызметке қабылдау бөлім бастығы, подполковник М.Измаганбетовтың қатысуымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жем, Қара арна ауылдық округтерінің азаматтарымен кездесу өткізді. Жиын барысында подполковник М.Измагамбетов келісімшарт бойынша әскери қызметке, әскери оқу орындарына қабылдау шарттары туралы толықтай түсінік берді. Келісімшарт бойынша әскери қызмет Біздің қорғаныс - бейбіт қорғаныс. Мемлекеттің тұтастығын, елдің тыныштығын қорғайды. Әскерімізді келісімшартпен жасақтау - бүгінгі күннің талабы.

Келісімшартпен әскери қызметке

Қазақстан Республикасының 19 жас пен 30 жасқа дейін әскери борышын өтеген, денсаулығы жарамды ер-азаматтары қабылданады.

- Ай сайын тұрақты ақшалай үлес және қосымша сыйақы уақтылы төленеді (Әскери атағына, атқаратын лауазымына, сыныптылығына қарай).

- әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жергілікті медициналық мекемелерде емдеу тегін;

-әскери қызметшіге негізгі демалыс беру кезінде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төленеді;

- жылдық еңбек демалысы - 30-40 күн;

- жыл сайынғы негізгі демалысынан басқа қосымша демалыс беріледі;

- әскери қызметшілердің балаларына, тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінде (балабақшада) кезектен тыс орындар беріледі;

- 45 жастан зейнетке шығу;

- әскери қызметші толықтай мемлекеттен қамтамасыз етіледі.

Әскери оқу орындарына:

Құрлық әскерлерінің әскери институты. Алматы қаласында, оқу мерзімі - 4 жыл. Кеңес Одағының Екі мәрте батыры Т. Ж. Бегелдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің әскери институты, Ақтөбе қаласында, оқу мерзімі - 4 жыл. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласында, оқу мерзімі - 5 жыл.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусы, Ақмола облысы, Щучинск қаласы. Оқу мерзімі - 1 жыл 8 ай. Әскери оқу орнын бітірген түлектер мемлекетпен кепілденген жұмыспен қамтамасыз етіледі. Әскери институтты бітірушілерге "лейтенант" офицерлік атағы және мамандығына сәйкестіндірілген жоғары әскери арнаулы білімі туралы диплом беріледі. Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, капитан А.Аманғалиев жиналысты қорытындылай келе, азаматтарға Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңымен белгіленген әскери қызметшілерге көптеген жеңілдіктерді баяндап, Қарулы Күштерде қызмет атқару абыройлы міндет, жалақысы жоғары кәсіп екендігін айтты.Сонымен қатар өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қорғалатындығын және кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктері бар екендігін, әскери қызмет нағыз ерге лайықты, қызықты оқиғалар мен жаңа әсерлерге толы өмір екендігін жеткізді.

Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521