Әскери кафедра — патриотизмнің қайнар көзі

2021 жылдан бастап «Атқыштар» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы сержанттарды даярлай бастадық. Қазір Әскери кафедрада Қазақстан Республикасының жұмылдыру резервін дайындау үшін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша І курста 82 студент (оның ішінде 13 студент С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен), ІІ курста 73 студент (оның ішінде 6 студент С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен) және запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша 103 студент (оның ішінде 41 студент С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен) оқытылуда.

e24f6329 7971 4abb b878 705769328cb7

Жалпы, қазір барлығы 258 студент білім алуда Оның ішінде запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша 155 және запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша 103 студент оқиды.

Еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы – әрбір азаматтың қасиетті міндеті. Біздің әскери кафедра түлектері осы ұстанымды берік ұстанып, Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға атсалысуға әрдайым әзір. Ұлы Жеңіс ұрпақ жадында мәңгі сақталып, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік оты ешқашан сөнбесін!

Руслан НАУРЫЗБЕКОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы әскери кафедра бастығы, запастағы полковник

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT