Әскерде қылмысқа орын жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптары түсіндірілді.

Қарулы Күштердің Әскери полициясы бас басқармасының бастамасын Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі сәтті орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылықты болдырмаудың шаралары қабылданды.

Елбасының 1997 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесін одан ары реформалау шаралары туралы» № 3465 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскери қылмыстар бойынша анықтау жүргізу мақсатында Әскери полиция органы құрылған.

Әскери полиция органдарының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі кіреді. «Қазақстан Республикасы Әскери полиция органдары туралы» Заңының 5-бабының 1, 2 3 және 4-тармақтарына сәйкес Әскери полиция қызметшілері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыреттер шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, олардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, қылмыстар және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн мән-жайларды анықтау, Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік заңнамасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру iсiн жүргiзуге міндетті.

Сонымен қатар, Елбасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бекітілген. Осы заңның 22-бабының 2-бөліміне сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өзі құзыреті шегінде басқа құқық қорғау органдарын қоспағанда әскери полиция органдары да жүзеге асыратыны көрсетілген.

«Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Елбасының Жолдауындағы талаптарды орындау және әскерлерде профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу мақсатында, 3 шілдеде Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жеке құрамының қатысуымен шара өткізді. Онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының талаптары түсіндірілді.

Бақтияр ДӘУРЕНҚҰЛОВ,

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері, әділет капитаны

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521