Әскерде граната лақтыру қалай өтеді?

ken-zhyloi.kz

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлаушылары қол гранаталарын лақтыру бойынша дайындық жүргізуде Атырау гарнизонының «Қарабатан» оқу-жаттығу полигонында барлау бөлімшелерінің жеке құрамы РГД-5 жарықшақты қол гранаталарын лақтыруға арналған атыс жаттығуларын өткізді.

Жаттығу алдында әскери қызметшілер гранаталардың жалпы құрылымын, оларды қолдану ережелерін, қауіпсіздік шараларының талаптарын, лақтыру техникасы мен шарттарын жаттап, гранаталарды дәлдікке және алысқа лақтыруға бағытталған жаттығулар өткізді. Жаттығудың шарты бойынша үш фигурадан тұратын 25 метр қашықтықта орналасқан нысананы жою қажет.

Үздік баға алу үшін әскери қызметшілер нысананың орталық бөлігіне тигізіп, барлық фигураларды жарып жіберу тиісті. Сонымен қатар «Гранатаны лақтыр» пәрменінен гранатаның жарылғанға дейін 30 секундтан аспауы керек.

- Жеке құрам жоғары моральдық-психологиялық дайындықты көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жетті. Мерзімдік әскери қызметтегі жауынгерлер үшін бұл сынақ ерекше қызықты болды, тәжірибелі нұсқаушылармен өткізілген сабақтардың арқасында олардың барлығы тапсырмадан сүрінбей өтті, - деді 41433 әскери бөлімінің командирі подполковник Есболат Нұрекешев.

Аталмыш жаттығу жауынгерлік дайындық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылды және оған әскери қызметшілердің барлық санаттары қатыса алады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан

Рустем Игисинов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521