Сүйектері Сербиядан табылды, арасында жылыойлық жауынгерлер де бар

Жақында 1944-1945 жылдары Сербия жерінде опат болған қазақстандық боздақтардың есімдері белгілі болды. Онда Қазақстанның әр түкпірінен шақырылған ұзын-саны 198 жауынгердің сүйегі жатыр.  Олар, негізінен, соғыстың соңғы жылдарында майдан даласында қаза тапқаннемесе жарақаттан госпитальда көз жұмғандар. Арасында жылыойлық жауынгерлер де бар.  Бұл жөнінде  «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі бұл жұмысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істерминистрлігінің қолдауымен жүзеге асырып отыр.Бірлестік Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропааумағында қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау мақсатында бұған дейін де көптеген жұмыстар атқарған еді.  

  -Бұған дейін Норвегия, Нидерланды, Венгрия және басқа да елдердің топырағы бұйырған қазақстандықтардың аты-жөндерін анықтаған едік. Қазір олардың Қазақстанда қалған ұрпақтары мен туған-туыстарын іздестіруді бастап кеттік. Бұдан бөлек кезінде кескілескен ұрыстар жүрген майдан даласындағы қазба жұмыстары барысында табылған 16 майдангердің сүйегін елге жеткізіп, әскери құрметпен жер қойнына тапсырдық. Қазіргі таңда Ресейден тағы да 12 отандасымыздың мәйітін туған топыраққа әкеліп, жерлеудің қамында жүрміз. Біздің қоғамдық ұйымның миссиясын «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген бір ауыз сөзге сыйғызуға болады,- дейді  «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Ербол ҚОШАҚАНОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT