«Сіз болмасаңыз, біз болар ма едік?»

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Азамат Бекет бастаған аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов, аудан әкімінің орынбасары Фарида Төлегенова, бөлім басшысы Нұржарық Сауытовтар соғыс және тыл ардагерлерін мерекесімен құттықтады.

Ұлы Отан соғысы ардагері Қапес Ибраевты Жеңіс күнімен құттықтаған аудан әкімі Азамат Бекет оған облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Серік Қамидолланың арнайы құттықтау хатын және «Сулпак» дүкендер желісінің төлем картасын табыстады.

Сондай-ақ аудан әкімшілігі атынан сплит-жүйесін сыйға тартты. Аудан басшылары бұдан басқа тыл ардагерлері: құлсарылық Сагадат Юсупова, тұрғызбалық Қоғабай Молдағалиев және ақкиізтоғайлық Сәнім Өтеғұловалардың үйіне арнайы барып, амандасып, әңгімелесіп, мерекелік Құттықтау хат пен гүл шоқтарын сыйлады.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

Суретті түсірген: А.ДОЛЫБЕКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521