Өсім мен өзгеріс жолындағы Қазақстан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың V отырысында былтыр экономиканың 6,5 пайызға өскенін мәлімдеген еді. Мына көрсеткіштерді естігенде кәдімгідей қуанып қалдым. Шынымен де, ел болып біріксек, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын көріп отырмыз.

Экономиканың өскені, халық санының көбейгені, адамдардың ұзақ өмір сүре бастағаны – мұның бәрі жай сандар емес, әр отбасының өміріне тікелей әсер ететін дүниелер ғой.

  Әсіресе шағын және орта бизнестің үлесі артқаны жақсы белгі деп ойлаймын. Себебі ол – қарапайым халықтың өз кәсібін ашып, табыс тауып, аяққа тұруына мүмкіндік деген сөз. Ұлттық қор мен алтын-валюта қорының өсуі де ертеңге деген сенімді күшейтеді.

 Маған ең ұнағаны – «қоғам өзгерді» деген ой. Расында, соңғы жылдары адамдардың ойлауында, талап қоюында, елге деген жауапкершілігінде өзгеріс бар сияқты сезіледі. Тек осы жақсы қарқын тоқтамай, қарапайым халықтың тұрмысы одан әрі жақсара берсе екен деген тілек бар.

         Жеке кәсіпкер 
      Жұлдыз Жандос

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT