«Шырайлы шаңырақ» ауданда жас отбасыларды қолдайтын кеңсе ашылды

Осы аптада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде «Шырайлы шаңырақ» атты жас отбасыларға кеңес беру кеңсесі ашылды.

Аталған бөлім басшысы Серік Қамидолла кеңсенің ашылуының негізгі себептеріне тоқталды. Оның айтуынша, соңғы уақытта некесін қиған жастар арасында ажырасу көбейіп отырған көрінеді. Бұл еліміз бойынша өткір мәселе екенін атап өтті. Кеңсенің ашылу салтанатына қатысып отырған жастарға отбасы құндылықтары, қоғамдық орындарда өзін ұстау мәдениеті туралы кеңінен түсінік берді.

Алдағы уақытта бұл кеңседе аудандық аналар және әкелер кеңесінің мүшелері шаңырақ көтеріп жатқан жастарға өздерінің ақылдарын айтып, кеңестерін беріп отырады. Сонымен қатар қажеттік туындаған жағдайда психолог, теолог сынды тағы да басқа мамандар шақырылмақ. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Мұстахима Малашқызы ауданымыздағы үлгілі отбасыларды мысалға келтіріп, жастарды өмірлік серіктерін бағалауға, ата-енелеріне құрмет көрсетуге шақырды. Кеңсенің ашылу салтанаты кезінде бір топ жастарға неке куәліктері табыс етілді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521