«Шырақ боп жансам өмірге»

№10 мектепте «Шырақ боп жансам өмірге» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Оған ауданымыздың ақын әрі жазушысы Қонаш Қалдыоразов арнайы қонақ болды. Шараға 9-сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты. Онда 9-сыныптың қыз-жігіттері ақынның өлеңдерін оқып, «Дала перзентімін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімі Ақгүл Қожанапесова жазушының өмірдерегі және шығармашылығымен таныстырды. Домбыра, қобыз аспаптарында күйлер тартылды. Оқушылар белсенділік танытып, ақынға біраз сұрақ қойып, тұшымды жауап та алды. Мұғалімдер Роза Құрманова, Әлімберді Нәріков, Нұрлан Тілеуов, мектеп директоры Шамшырақ Қобановалар өз ойларын ортаға салды. Ақын мектепке «Ағаларым – асыл жандар», «Ұстаздар мен ұландар», «Шырақ боп жансам өмірге» атты кітаптарын тапсырды. –Туған ауыл, өскен өңірім Ақкиізтоғайымды сағынып жүргенмін. Бірақ, бара берудің сәті келе бермейді. Оның үстіне қалам ұстап, шығармашылықпен айналысқасын ауылдастарыңның саған деген пейілі, ниеті қандай екенін білгің келіп, аңсарың ауып жүрері бар. Бірақ шақырып жатқан кім бар? Әркім өз тірлігімен әуре. Кітап оқуға шамалары жоқ, оқымайды да. Бәзбір көз таныстар «Қазір кім кітап оқиды, босқа жазасыңдар» дейді. Мәссаған... Сөз болғаныңа. Оқитындар жоқ емес екен. Кешке қонақ ретінде шақырылып, үлкен ләззат алдым, – дейді Қ.Қалдыоразұлы. Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521