Шлагбаум жабық

Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Жылыой ауданы әкімдігінің парақшасын біз, тілшілер де қарап, ондағы жазылған мәселелерді оқып отырамыз.

Көптеген пікірлердің арасында бір тұрғын мынадай жазба қалдырыпты:

-Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. СМП-224 ықшамауданының тұсында пойыз өтетін теміржол өткелі (переезд) бар. Сол өткелдің аржағында Тұрғызба, Қосшағыл ауылдық округтері мен Жаңа Қаратон кенті, одан әріде алып Теңіз кеніші орналасқан. Сол елді мекендер мен жұмысшылар қалашығынан қаншама адам аудан орталығына қатынайды. Ал пойыз жүретін уақытта шлагбаум жабылып, көліктер пойыздың жүріп кетуін бірнеше минут, кейде жарты сағат бойы күтіп тұрады. Бұл бәрінен бұрын "Жедел жәрдем" көлігі, ондағы науқас адам үшін қауіпті емес пе? Олар да пойыздың жүруін күтеді екен, бұдан соң тіреліп қалған кептелістен шығуы тағы бар. Осындайда әрбір минуты санаулы ауыр хәлдегі адамның жан тапсыра салмасына кім кепіл? Осы мәселе де шешімін тапса екен.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521