Шкафтың астындағы ақша

Ішкі істер бөліміне орда бұзар отызға таяп қалған бір азамат арыздана келді.

Өзі аудандағы бір іргелі мекеменің бөлім басшысы екен. Оның шағымына қарағанда, жәбірленуші мамыр айының аяғында үш күнге облыс орталығына қонаққа кетіп қалады. Үй иесінің жоқтығын ұрымтал тұста ұры да тиімді пайдаланып қалды. Ол сыртқы есіктің құлпын үйлестіріп ашып, ұрлыққа түсіпті. Пәтерінің ішін емін-еркін кезген ұры балалар бөлмесіндегі шкафтың астына да бас сұққан. Онда пакетке салып, жасырып қойған үй иесінің 2 млн. теңге ақшасын тауып алады. Өкінішке орай, ұрлық орын алған жерге бейнекамера орнатылмаған. Полиция қызметкерлерінен құрылған жедел топ күдіктіні іздестіру үстінде.

Е.ЕСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521