Ширек ғасыр тарихы бар мекеменің мерейлі сәті

Биыл ел аузында «Үш тұрба» деп аталып кеткен «Құлсары» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасына 50 жыл, Құлсары мұнай құбыры басқармасына 30 жыл, ал осы басқарманың бөлімшесі «Прорва» мұнай айдау стансасына 20 жыл толып отыр.

Мұнайшылар мерекесіне және мерейлі даталарға орай Құлсары мұнай құбыры басқармасы «Шаңырақ» мейрамханасына дастархан жайып, сала қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Салтанатты шараға мекеменің құрылу сатысында еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Мерекелік шараны ауданымыздың күміс көмей әншісі Дәмелі Сарова әсем әнмен ашты.

Ардагерлерді Астанадан арнайы келген қонақтар «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Орал Ыдырысов, «Прорва» мұнай айдау стансасының бірінші бастығы болған, қазіргі уақытта пайдалану департаментінің директоры Бақытжан Қонарбай және «Құлсары» желілік өндірістік-диспетчерлік стансасын басқарған Сәрсенбай Мұрынов төл мерекелерімен құттықтады. Қ.Дүйсенбетов.

(Толық нұсқасы «Кең Жылой» газетінің №37 санынан оқи аласыздар)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521