Шикізат емес, өнім өндіруші ел боламыз

Инновациялар көмегімен жүзеге асатын бәсекелестікті қалыптастыру - басты мәселе.

Президент «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру туралы айтты.

Ол «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналғанын атап өтті. Білім кез келген қоғамның дамуы үшін қажет. Расында, елімізден экспортталып отырған тауардың басым бөлігі шикізат күйінде кетіп отырғаны жасырын емес. Еліміздегі импорттың орнын отандық өнімдермен толтырып, бәсекелестерден басып озып, экспорттаушы елге айналдыру - басты мәселенің бірі.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет» деді. Халықтың қажеттіліктерін сапаны жақсарту мен бағаны төмендету арқылы жай қанағаттандыруға болады. Ал жаңа технологиялар көмегімен, яғни инновациялар көмегімен жүзеге асатын бәсекелестікті қалыптастыру - басты мәселе.

Кенжегүл Мақтаубаева,

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жылыой аудандық

филиалының есеп бойынша менеджер-кеңесшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT