Шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақысы әділ берілуі керек – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға көңіл бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 4 маусымда Атырау қаласында бірдей еңбек ететін жергілікті және шетелдік жұмысшылардың жалақысын әділ беруді тапсырған болатынмын. Үкіметке бұл мәселені соңына дейін анықтауды тапсырамын. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин – ред.), еңбек жағдайы, жұмысшылардың жалақысы бойынша егжей-тегжейлі сараптама жасауыңызды сұраймын. Егер инвесторлармен келісімшартқа өзгеріс енгізу қажет болса, мұны күн тәртібінен түсірмеген жөн. Әрине, бұл оңай жұмыс емес, түсінемін, бірақ бұл мәселені шешу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент ұлттық мүддені қорғаудың барлық мемлекеттік орган үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстандық мамандардың, жұмысшылардың тиісті біліктілік алуына да ерекше көңіл бөлу керек», - деді Мемлекет басшысы.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика