Шетелдік әріптестер лебізі

Тәуелсіздік алған соң Қазақстанға инвестиция көздері тартылып, шетелдік компаниялармен бірлескен әріптестік жұмыстар басталды. Аса ірі Теңіз кен орнын игеруге әлемнің түкпір-түкпірінен жаңа технология және бай тәжірибелерімен бөлісуге ықылас білдіргендер көп болды. Солардың бірі –ауданымызда еңбек етіп жатқан «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» компаниясы.


ССЕР компаниясы санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына орай мерекелік шарасын өткізді. Шараны кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Мүсепов ашып, жүргізді.


«ССЕР» компаниясының жоба директоры Николас Стюарт компания қызметкерлерін мерекелік құттықтау үшін сөз алып, бір топ әріптестерін марапаттады. Марапат иелері де мерекелік лебіздерін білдіріп, компания басшылығына алғысын жеткізді. Шара барысында компания қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді. Осындай шаралар алдағы уақытта да мекеме тарапынан ұйымдастырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз