Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарын сайлау сияқты маңызды саяси оқиғаны әдетте шетелден келген бақылаушылар қадағалайды.
ОБСЕ жанынан арнайы келген халықаралық бақылаушылар Жылыой ауданында өтіп жатқан сайлауды бақылауда. Олар негізінен ауданымызда өтіп жатқан сайлауда демократиялық үрдіс талаптары сақталуда ма деген сұрақ төңірегінде өз пайымдарын жасайды. Швеция мемлекетінен арнайы келген Пьер Нейман мен Германиядан келген Селл Кристиналар дәл қазір сайлау учаскелерін аралап жүр екен.
"Сайлау қорытындысы жайлы өз пікірімізді ОБСЕ-нің арнаулы сайтында жариялайтын боламыз" дейді олар.