«24 тамыз күні полицияға Өзбекстан азаматы арызданып, белгісіз екі азаматтың 500 мың теңге көлемінде ақша бопсалағаны туралы айтқан. Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Атырау қаласының 1983 жылы туған тұрғыны мен Жылыой ауданының 1979 жылы туған тұрғынын ұстады. Айғақ зат ретінде ұсталғандардың автокөлігінен бопсалап алған ақша табылды», делінген таратылған хабарламада.
- Ұсталғандардың бірі Жылыой ауданының бұған дейін бірнеше рет сотталған тұрғыны тергеу абақтысына, екіншісі үй қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Бопсалау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, тексеру кезінде ұсталған екеудің деструктивті діни ағым ұстанушылары екені анықталды, – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінде.