Бүгін аудан әкімдігінің қолдауымен Республика күні мен «Қазақ соқырлары қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жыл толу мерей тойына арналған «Шексіз әлем» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың мерекелік концерті өтті.
Аталмыш шараның мақсаты: талантты шығармашыл жандарға қолдау көрсетіп, ерекше талант иелерінің шығармашылығын шыңдаук болып табылады.
Мерекелік шараға аудан әкімі Жұмабек Қаражанов қатысып, алғашқы құттықтау сөзін сөйледі. Және қоғамдық бірлестіктің 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, барша мүмкіндігі шектеулі жандарды марапаттады.
Ауданымызда құрылған соқырлар қоғамы мүмкіндігі шектеулі дандармен тығыз байланыста. Бүгінгі күнге дейін мүмкіндігі шектеулі жандарды спорт ойындарына, мәдени іс-шараларға, қолөнер бұйымдарымен айналысуға, сурет салуға ынтасы бар жігерлі жандарды қоғамға араластыруда.
Атылмыш мерекелік кеш мүмкіндігі шектеулі жандардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
А.Таубаева