Үміткерлер алдымен ауыл ақсақалы Сафи Дарешов пен Батыр ана Гүлбану Құспанованың шаңырағына ат басын тіреді.
Жылыой аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Гүлпаш Ермишева, Асхат Иманғалиев пен Үмбетов Жұмабек «Есіктен есікке» акциясы аясында Тұрғызба ауылының тұрғындарымен кездесті.
Үміткерлер алдымен ауыл ақсақалы Сафи Дарешов пен Батыр ана Гүлбану Құспанованың шаңырағына ат басын тіреді.
Кездесуде үміткерлер партияның бесжылдық сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, елдегі саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.
- Мен ылғи «Nur Otan» партиясын қолдаушылар қатарынанмын және отбасымызбен сайлауға барып дауыс береміз. Себебі еліміздің болашағына бейжай қарауға болмайды. Партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығына ерекше пәрмен берілгендігі көңіл қуантады, - деген ақсақал өз ұсыныстарын да ортаға салды.
-Қойсары, Қараша елді мекендеріне газ бен су тартылса, жайылым мәселесі шешімін табар еді. Ауылда наубайхана, жанар-жағармай құю стансасы жоқ, олардың құрылысына жер телімі берілсе, кәсіп ашамын деушілерге тамаша мүмкіндік, - дейді ақсақал.
Аталмыш акция аясында тұрғызбалық көп балалы Марат Қартбаев пен Шыңғысова Рзагүлдің отбасымен кездесудің сәті түсті.
-Ауыл ішіндегі асфальт жол мен көше жарығының жоқтығы, ауыз судың тарифінің жоғарылығы алаңдатады. Дегенмен рет-ретімен оң шешімін табатынына сенемін, -дейді Рзагүл Шыңғысова.
Үміткерлер айтылған ұсыныс-пікірлерді қаперге алып, атқарушы органдарға жолдайтынын жеткізді.
Ж.Әбдікәрімова
"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді