Майкөмген ауылдық округі аудан орталығынан шалғайда орналасқан. Соған қарамастан мұндағы ағайындар референдумға белсене қатысуды. Оған осындағы комиссияның жақсы дайындығы да өз әсерін тигізсе керек.
Бүгін Майкөмген ауылындағы №109 дауыс беру учаскесінде ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Онда өз таңдауын жасауға келген ауыл тұрғындары үшін ұлттық өнімдеріміз - сүт пен шұбат қойылған. Еліміз үшін аса маңызды референдумға орай өткен жәрмеңкеде ұлттық өнімдеріміз төменгі бағада ұсынылып жатыр.
П.Қизатова