Шалғай аудандардағы мұқтаждарға көмек көрсету жоспарлануда

Облыс көлемінде "Nur Otan" партиясы 9 мыңнан аса жанұяға азық-түлік себеттерін таратты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "COVID-19" пандемиясы жағдайында азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында "Birgemiz" қоғамдық қоры құрылды.

Осы қордан 1-ші және 2-ші кезеңдерінде, облыс орталығы Атырау қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жасақтаған тізіміне сәйкес, барлығы 10512 жанұяға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Сонымен қатар, облыс көлемінде "Nur Otan" партиясының белсенділері мен еріктілері мұқтаждығы бар 9 мыңнан аса жанұяларға азық-түлік себеттерін таратты. Енді, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Birgemiz-Atyrau» аймақтық қоры арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің 3-ші кезеңі қолға алынды.

«Birgemiz» қорының қызметі жөнінде «Nur Otan» партияcы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшаларына жариялады. ⠀

Елбасы тапсырмасына орай 3-ші кезеңінде Атырау облысы бойынша моноқала ретінде, Құлсары қаласы бар Жылыой ауданы және облыс орталығына жақын орналасқан Исатай, Махамбет, Мақат аудандарының 7 санатқа сәйкес 5229 мұқтаж азаматтарына қаржылай көмек көрсету басталды.

Жергілікті атқарушы органдары деректері негізінде жасақтаған тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз санатқа жататын азаматтар қамтылды.

«Birgemiz-Atyrau» қоры арқылы демеушілерден түскен қаражаттардың мүмкіндігіне қарай облыс орталығынан шалғай жатқан Құрманғазы, Индер, Қызылқоға аудандарының мұқтаж жандарына осындай көмек көрсету жоспарлануда.

Мәлімет Нұрлыбек Ожаевтың ФБ парақшасынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521