Шағын бизнесті дамыту үшін тағы да бір мүмкіндік

Шағын кәсіпкерлікке қолдау ауқымды болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын бұқаралақ ақпарат құралдарынан көріп, өз пікірімді білдіруді жөн санадым.

Президент мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратын шағын кәсіпкерлікке қатысты жағымды жаңалық айтты.

Ол Үкіметке шағын кәсіпкерлікті үш жылға табыс салығынан босату туралы заңды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап шағын бизнес үш жылға тексеруден босатылмақ. Бұл өз кәсібін енді ғана бастап жатқан кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Несие алып, өз кәсібін ашқандарға жақсы қолдау десек те болады. Президент кәсіпкерлердің өз істеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ерболат Төлендиев,

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жылыой аудандық филиалының директоры

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521