ken-zhyloi.kz
Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан және із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлердің мүрделері табылғанын хабарлау үшін туыстарын іздестіру және туған жеріне қайтару жұмыстары Қорғаныс министрлігінде жалғасуда.
2021 жылы 19 наурызда «Майдан жолы» іздестіру жасағымен Воронеж облысының Лука ауылының Тихая сосна өзенінің жайылма алқабында ИЛ-2 шабуылдайтын ұшақтың атқышы кіші сержант Борис Моисеевич Водовоздың (1923 ж.т., Павлодар АӘК шақырылған, әкесі Моисей Фроймович Водовоз, (мекен-жайы: Каз ССР, Павлодар қаласы,) сүйегі табылды және туыстарын іздестіруде.
Сондай-ақ «Майдан жолы» іздестіру жасағы ҰОС жыл дары қаза тапқан және іс-түзсіз кеткен қазақстандық жауынгерлердің мүрделері табылғанын мәлімдеу үшін туыстарын іздестіруде.
Жауынгердің туыстары табылған жағдайда, туған жеріне әкелу мәселелері бойынша Павлодар «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі А.Шитовке хабарласуға болады (б.т. 8-777-461-73-78).
С.ТӨЛЕУШОВА,
Жылыой аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының көмекшісі
(мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі қызметкер)
Сурет: ашық дереккөз