Үш түрлі үшем

Құлсары қаласында 1999 жылы Нұрхасановтар отбасында үшем дүниеге келді.

Олар – Асыл, Айым, Болат Нұрхасановтар. Үшем дүниеге келместен бұрын олардың отбасында бір ұл мен бір қыз болатын. Олардың дүниеге келуі де қызық оқиға. Анасы Жәния олардың үшем екенін жүктілігінің алтыншы айында ультрадыбыстық зерттеуден кейін білген. Бір қызығы, Асыл мен Айым 2 кг болса, Болат 1 кг 900 г болып туылған.

Олар бір мектепте, бір сыныпта оқыған. Қазір 19 жаста. Асылдың мінезі ашық, пысық қыз. Адамдармен тез тіл табысады. Ол – Орал қаласындағы инженерлік-техникалық университеттің есеп және аудит мамандығының 2 курс студенті. Ол бос уақытында ән айтқанды, би билегенді ұнатады. Әртүрлі моншақтардан түрлі әшекейлер жасайды.

Айымның мінезі тұйық. Шаруаға ұқыпты. Ол – Атырау қаласындағы медициналық колледждің студенті. Болашақ дәрігер. Болат – телекоммуникация саласында білім алуда. Олар бір-біріне бауырмал. Киіну стильдері де әртүрлі. Ал кішкентай кезінде Болат бөлек кисе, ал қыздар бірдей киінеді. Қазір Болат классикалық үлгіде киінгенді жөн санайды.

Бізді балабақшада жүргенде «Асыл анам» әнін орындауға дайындады. Өлеңді жақсы айтып шықтық. Ата-анамыз сол кезде бізге велосипед алып берді, - деп балалық шақтағы бір қызықты сәттерімен бөліскен Болат. «Асыл анасына жақын, ал екеуміз әкемізге жақын болып өстік. Көбі Айым екеумізді ұқсатады. Мені бағып-қаққан – ата-анам, Айым мен Асылды нағашылары тәрбиеледі. Болашақта өз мамандығымның үздігі болғым келеді. Балаларымның да егіз болғанын қалаймын», - дейді. Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521