Шөпқұмарлар құрықталды

Жақында ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері есірткіге қатысты бірнеше құқық бұзушылық деректерін анықтады. Оның екеуі Теңіз кенішінде орын алды.

Ондағы вахташылар қалашығындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметкерлері жатақхана маңындағы автотұраққа келіп тоқтаған шетелдік көліктің тұрысынан күдіктенді. Жүргізушінің көзінше екі айғақтың қатысуымен тексеру жүргізгенде темір тұлпардың жүргізуші жақ орындығының аяқ астындағы төсеніштің астынан ақ қағазға оралған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар шөп ұнтағы табылды. Сол күні түнгі сағат 22.20 минут шамасында қалашықтағы өзге бір автотұрақ маңындағы белгісіз жігіттің жүрісінен күмәнданған тәртіп сақшылары оны да тексеріп көрді. Қарау барысында сырт киімінің сол жақ қалтасынан осы тектес есірткі заты тәркіленді.

Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қаланың орталық қос көшесінің қиылысында кетіп бара жатқан шетелдік жеңіл автокөлікті тоқтатты. Бірақ жүргізуші жас жігіттің ешқандай құжаты болмай шықты. Полиция қызметкері сол жерде бейнежетонды пайдаланып, рөлде болған азаматты тексерген кезде сол жақ ішкі төс қалтасынан ақ қағазға оралған жасыл шөп шыға келді. Аталған деректер бойынша алдын ала тергеп-тексеру амалдары жүргізілу үстінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521