Аудандық мәслихаттың кезекті 11 сессиясы өтіп, күн тәртібінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дүсіпованың «2024-2026 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген, Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы», «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы С.Төрешқызының баяндамалары тыңдалды.
Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты барлық білім беру ұйымдарына автотұрақтар мен спорт алаңдарын салу туралы, Жылыой лицей-интернатын салуға жер қарастыру, «Жастар» үйінің құрылысының тоқтап қалуы, ит аулау, жарық мәселелері туралы сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жарыссөзге шыққан депутат Б.Садақбаев жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталған жобаларды және алдағы уақытта жасалып жатырған жобалық-сметалық құжаттаманың дұрыс дайындалуын қатаң қадағалау туралы ұсынысын айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай талқыланып, шешімдер қабылданды.
П.ҚИЗАТОВА