Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы болып өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сарманов, аудан әкімі аппаратының басшысы Алмат Теміржанов, қала әкімінің орынбасары Игорь Лян қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, сессияны мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев жүргізіп отырды. «Жылыой ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісін басқару схемасын бекіту туралы», сондай-ақ «Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №9-3 «Жылыой ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы А.Теміржановтың хабарламасы тыңдалды. Хабарламашыға аудандық мәслихат депутаттары өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты тиісті шешімдер қабылданды.
П.ТӘЖІ