Сертификат табыстады

Сертификат тарату жұмыстары карантин режимінің барлық ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылды.

«Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің тікелей қаржыландыруымен қыркүйек-қазан айларында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету мақсатында 100 балаға ABDI мектеп құралдар дүкендер желісінен тауар алуға 5000 теңгелік сертификаттар мен 100 отбасыға LIDER сауда орталықтарынан азық-түлік алуға 15000 теңгелік сертификаттар таратты. Жалпы саны 200 отбасыға көмек көрсетілді. Сертификат тарату жұмыстары карантин режимінің барлық ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылды.

Бұл іс-шараны ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Н. Сауытов сөз сөйлеп ашып берді. Сертификат алған аудан тұрғындары «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасына және координаторларына алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жылыой-ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT