Сертификат беруде кедергі жоқ

Аудандық аумақтық инспекциясында карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкететін фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады. «Карантинге жатқызылған өнімдер» ұғымына өсімдіктер, өсімдік тектес өнімдер, контейнер, қаптама, топырақ және басқалар, зиянды организмдердің тасымалдаушысы бола алатын немесе олардың таралуына ықпал ететін объект немесе материал жатады.

Фитосанитариялық сертификат беруде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау веб-портал арқылы іске асырылады. www.egov.kz жеке кабинетінде тауарлардың импорты мен экспортын, бұдан әрі карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге арналған фитосанитариялық сертификат беруді таңдап, содан кейін өтінімді толтыру қажет. Фитосанитариялық сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу бойынша басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері болуға тиіс.

Сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар межелі пунктте қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді. басқа елдерден әкелінген карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық бақылауға жатады, яғни түсіру орнында өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторды карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы хабардар ету және карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін өнімді ұсыну қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400-бабы, 1-бөлігінің 11 және 12-тармақтарына сәйкес уәкілетті органның рұқсатынсыз жүру жолында немесе межелі пунктте тексеру немесе қайта жіберу үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тегін негізде көрсетіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT