Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай Құлсары қаласындағы «Әйгерім» бөбекжай- бақшасының тәрбиешілері Жайнагүл Кенжеғарина мен Жанат Алжанова «Балдәурен» ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен бірге «Жеңіс саябағына» саяхаттап, «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Отты жылдары Отанын қорғауға аттанып, қан майдан даласында мәңгі қалған батырларды еске алып, кішкентай бүлдіршіндерді сұрапыл соғыс тарихымен таныстырды. Иә, зұлым жаумен шайқасып, бүгінгі ұрпақ пен бейбіт Отан үшін өз жанда- рын пида еткен ата-бабамыздың қанмен келген жеңісін бүгінгі бүлдіршіндер кішкентай жүрегімен сезініп, ерлігіне бас иіп, еске алды. Сонау 1941-1945 жыл- дары соғыс әр отбасының шаңырағын шайқалтып, балаларды жетім еткен, жа- старды қыршынынан қиған, жесір қалған жас аналар мен қарт әке-шешелердің көз жасының төгілуі ұмытылмақ емес. Сондықтан да болар, әр жыл сайынғы 9 мамыр қарсаңындағы Жеңіс күндерінде жауын жауып, аспанды қара түнек бұлт торлап алатыны мәлім. Бұл осы қан май- данда қыршын кеткен боздақтар мен сол зұлматқа лағынет айтқан қара халықтың көз жасы мен мұңы деп жатады. Бәлкім, бұл да бір Жаратқанның құдіреті шығар. Батыр боздақтар рухы қолдап, «Жеңіс» саябағынан жеңісті де жемісті күндеріміз көп болсын деген ізгі тілекпен қайтқан тәрбиешілер мен бүлдіршіндер саяхаттан жақсы әсермен оралды. Саябақта бүлдіршіндермен бірге балабақша әдіскері Нұрайна Алтаева да болды.
Өз тілшімізден