Сексендегі ақсақал : Еліміздегі тұрақтылық үшін дауыс бердім

Құлсары қаласы тұрғыны 80 жастағы қария Құдайберген Алдашбаев бұған дейін де сан рет осындай сайлауларға қатысқан. Көпті көрген ақсақал өз таңдауын жасады.

-Мына өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы ерекше. Себебі осы сайлау арқылы жаңа демократиялы құндылықтарға жол ашылады деп сенемін. Енді елімізде сайланған Президент өкілеттігі -тек 7 жыл мерзімге ғана. Мұндай конституциялық өзгерістер қажет. Халықтың күткені де осы. Сондықтан Жаңа Қазақстан құрамыз деген сеніммен өз таңдауымды жасадым. Елім тыныш, аспанымыз ашық, экономикамыз дамыған жарқын болашақты күтеміз. Кейінгі ұрпаққа біздей қариялардың айтар тілегі осы,- дейді 235 учаскеге кеп дауыс берген жылыойлық ақсақал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT