Сегіз айда 8 автокөлік өртенді

Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нариман Өтешовтің хабарлауынша, жыл басынан бері аудан аумағында 20-дан астам өрт оқиғасы тіркелген екен. Өкінішке орай, оның 8-і темір тұлпар тізгіндеген көлік иелерінің еншісіне тиіп отыр. Бұл кей жүргізушілердің жолда жүру ережесін естен шығарғаны өз алдына өрт қауіпсіздігі талаптарын да сақтамайтынын көрсетсе керек.
Аудан автокөліктерінде орын алатын өрт оқиғаларын азайту мақсатында ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары аудандық полиция қызметкерлерімен бірлескен түрде ауқымды профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

-Әрине, түрлі темір тұлпар тізгіндеген жақсы. Бірақ электр желілерін, жанар жағармайдан болуы ықтимал қауіп-қатердің алдын алып, сақтық шараларына үнемі көңіл бөліп жүрген артықтық етпейді. Бұл ретте көліктерде жиі кездесетін өрт оқиғаларының негізгі себептеріне тоқталғым келіп тұр. Олар: электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, жанар-жағар май мен автокөлікке орнатылған газ қондырғы жүйелерінің ақауы, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, автокөлікті жылыту кезінде отпен абайсыз болу. Сондықтан аудан тұрғындары, әсіресе жүргізушілер осындай атқарылып жатырған іс-шаралар аясында көлік құралдарын уақытылы техникалық байқаудан өткізіп, өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтаса дейміз, - деді Нариман Атыраубайұлы.
Иә, «Өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. «Сақтансаң – сақтармын» дегендей, әркез алдын ала білсек, өкінбейтініміз анық!
Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521