Саяси өзгерістер жаңаруға әкеледі

Жуырда ресми түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілісті пен мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы шешімін жария етті. Депутаттар корпусының жаңа шақырылымын сайлауды 19 наурызға белгіледі.

Мұндай қадам бәсекеге қабілетті жаңа орта қалыптастыруға жол ашатыны белгілі. Бұл шешім ел дамуына үлес қосуды мұрат тұтқан белсенді жаңа саясаткерлердің халыққа қызмет етуіне мүмкіндік береді. Оң өзгерістердің бір ерекшелігі – сайлауалды бағдарламасын орындай алмаған депутаттарды кері қайтаруға болатындығы.

Мемлекет басшысы «Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі»  деген болатын.

Алдағы сайлаудан кейін жауапкершілігі мол қызметке халық білетін азаматтар келіп, қарапайым ел мүддесіне сай қызмет етеді деген сенім мол.

 

Гайдар АРЫСТАНОВ,

аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT