Саяси кеңестегі келелі мәселе

ken-zhyloi.kz

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Халел Жамаловтың төрағалық етуімен партияның Саяси кеңесі Бюросының кезекті мәжілісі болып өтті. Онда, негізінен, екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, «NUR OTAN» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» қала, аудандар бойынша 2021 жылғы көрсеткішінің орындалысы туралы» және «Jas Otan» Жастар Қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қала, аудандар бойынша «Жол картасын» бекіту туралы».

Бірінші мәселеге байланысты баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған ауданды дамыту жоспары бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарының 2021 жылғы І тоқсандағы орындалысы туралы хабарлады.

-Жыл басынан бергі алғашқы үш айдың ішінде «Жол картасы» бойынша жоспарланған 104 іс-шараның 32-сі орындалды. 46-сы жүзеге асырылу үстінде, ал біреуінің орындалмау қаупі бар. Ол - Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшамауданындағы қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонналық бетон өндірісін іске қосу. Қазіргі таңда кәсіпорын жұмыс көлемінің болмауына байланысты қызметін тоқтатқан. Қалған іс-шараның орындалу мерзімі әлі жеткен жоқ. Жалпы биылғы «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында 12,1 млрд. теңге қажет, күні бүгін оның 5,9 млрд. теңгесі бөлініп отыр, -деген Жантөре Сәкенұлы әрмен қарай ауданды дамыту жоспары бойынша І тоқсан ішінде атқарылған іс-шараларға жеке-жеке тоқталды.

Баяндамада айтылған мәселелерге байланысты партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, депутаттар Сәуле Мамбетова, Сайлау Кенжеғалиев және басқалар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, талқылады. Екінші мәселеге орай аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Сержан Серікбаев хабарлама жасады.

Ол, алдымен, «Jas Otan» Жастар Қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бағытында атқарылған іс-шаралар жоспарының орындалысы хақында баяндады. Осыған орай, бюро мүшелері аудандық мәслихат хатшысы Сайлаубай Таласов, депутаттар Сәуле Мамбетова, Перизат Қизатова және басқалар өз ұсынысы мен ой-пікірлерін ортаға тастап, жастарға қатысты бірқатар мәселелерге байланысты сын-ескертпелер жасады.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мүшелерінің дауыс беруімен «Jas Otan» Жастар Қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қала, аудандар бойынша «Жол картасы» бекітіліп, тиісті шешім қабылданды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521