Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Бүгін – ХХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ халқын мұңға бөлеп, зор қайғы әкелген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Осыған орай аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, аудандық мешіттің бас имамы, дербес бөлім басшыларының және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шара өтті.

Аудан басшысы шараға қатысушылармен бірге құрбандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, аудандық мешіттің бас имамы зұлмат заман жылдарында бақилық болған боздақтар мен алаш арыстарына арнап құран бағыштады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT