«Саудагерлер онлайн касса апаратына көшуі тиіс»

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен түскен хатты орындау мақсатында Жылыой аудандық Кірістер басқармасының қызметкерлері аудандағы сауда орындарын аралады.

Алдымен, олар «Беркад» базарында болып, барлық саудагерлермен жүздесті. Басқарма басшысының орынбасары Толқынай Қаппарова кездесудің мақсатын түсіндірді. Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екенін айтып, енді 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлығы ОnlineKZ деректерді беру қызметі бар бақылау-касса машинасына көшуі керектігін жеткізді.

- Деректерді беру қызметі бар бақылау-касса машинасы – барлық алынатын деректердің өңдеуін техникалық талаптарға сәйкес жүргізеді, ақпаратты чекке басып шығаруын, сұраныстар бойынша есептер түрінде оның басып шығаруын жүзеге асыратын аппарат. Бұған көшудегі мақсат – елімізде көлеңкелі бизнесті болдырмау болып отыр. Егер аталған мерзімге дейін онлайн бақылау касса машинасын алмасаңыздар, айыппұл төлейсіздер, -дейді Т.Қаппарова.

Түсіндіру жұмыстары сондай-ақ «Ақтан» сауда орны мен «Болашақ», «Шығыс» базарларында, ауылдық округтерде жүргізілді.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521