«Сауал – сізден, жауап – бізден»

 

     Әдеттегідей, назарларыңызға сүйікті сұрақ-жауап айдарымызды  ұсынамыз. Оқырмандар тарапынан неке тақырыбына қатысты сауалдар көп жолданып жатады. Бұл жолы халық көкейінде жүрген сауалдарға Атырау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құралай Хайрошева жауап береді.

 

 

1-сұрақ: Неке қиюды  тіркеу мерзімі қандай?

 

Жауап: Неке қиюды  тіркеу мерзімі өтініш түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен  бастап  күнтізбелік 15 күн.

 

2-сұрақ: Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың некеге отыруы үшін қандай құжаттар талап етіледі?

 

Жауап: ҚР жеке куәлігі, түбіртек, кәмелет  жасқа толмаған азаматтың ата-анасының болмаса қорғаншысының некеге отыруға рұқсат қағазықажет болады. Бала болған жағдайда баланың туу туралы куәлігі, жүктілік болған жағдайда дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы да сұратылады.

 

3-сұрақ: Шетел азаматымен некеге қалай отыруға болады?

 

Жауап: Шетел азаматымен некеге отыруға өтініш тіркеуші орган арқылы қабылданады. Шетелдік азамат паспортының нотариалды куәландырған көшірмесі және жүріп-тұруға рұқсат қағазы қажет. Өз елінің уәкілетті органдары берген некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы қоса ұсынуы шарт.

 

4-сұрақ: Ортақ бала болмаған жағдайда некені қалай бұзуға болады?  

Жауап: Егер ерлі-зайыптылардың арасында кәмелет жасқа толмаған балалары болмаса, неке бұзу тіркеуші орган арқылы немесе электрондық үкімет порталы арқылы онлайн берілген бірлескен өтініш негізінде жүргізіледі. Ойлануға берілетін уақыт  1 ай. Ал, қызмет көрсету құны 7728 тг.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT